русский язык
Футбол

Владимир Плотников: «Қайрат» кезінде менен бас тартқан болатын»

Владимир Плотников: «Қайрат» кезінде менен бас тартқан болатын»
Талдықорғандық «Жетісудің» қақпашысы Владимир Плотников PROСПОРТ Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында «Қайратпен» өткен ойын жайлы және командасының чемпиондыққа таласуға дайын екенін айтты.
 
- «Қайратты» ненің арқасында ұттыңдар?
 
- Бапкердің нұсқауын орындадық. Бар күшімізді салып, ойынға толықтай берілдік. 
 
- Негізгі құрамда шығатынын қашан білдің? 
 
- Бір апта бұрын. Негізгі қақпашымыз Андрей Пасеченко «Астанамен» ойында жарақат алды. Сондықтан бұл жолы шығатынымды білдім.
 
- «Қайратқа» қарсы ойын сен үшін маңызды болды ма?
 
- Иә. Өйткені, «Қайрат» кезінде менен бас тартқан болатын. Алдымен, маған сенбеген адамдарға өзімнің өнерімді көрсеткім келді.
 
- Алғашқы турда Пасеченко пенальти қайтарып матчтың үздік ойыншысы атанды. Бұл жолы сен алматылықтарға қарсы мықты ойнадың, қақпшы дайындайтын бапкерлерің мықты болса керек...
 
- Бізде жоғары деңгейлі бапкерлер жұмыс істейді. Мен бақыттымын, себебі көптеген жақсы мамандардың қол астында болдым. Егошкин мен Убыкиннен тәлім алдым. Воскобойниковпен де жұмыс істедім. Ойынға жалпы жақсы дайындалдық, соның арқасында жеңіске жеттік. 
 
- Негізгі уақытқа қосылған 7 минут туралы не айтасың?
 
- Дайын болдым. Астанада 6 минут қосылған, Алматыда 7, Затобольскіде - 8-9 минут қосатын шығар (күледі). Барлығына дайынбыз. 
 
- «Жетісу» осы маусымда жүлделі орындарға таласады ма?
 
- Мақсаттарымыз биік. Жүлделі орынға ілінуге тырысамыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;