Хоккей

«Барыс» канадалық қорғаушымен келісімшарт мерзімін ұзартты

news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» хоккей клубы өзінің ресми сайтында қорғаушы Джесси Блэкермен келісімшарт ұзартылғанын жариялады.

Канадалық хоккейші екі жылдық келісімшартқа қол қойды. «Барыс» сапында Блэкер 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін өнер көрсетеді.

Өткен маусымда солтүстік америкалық спортшы «Барыс» қатарында тұрақты чемпионаттың 54 ойынына қатысып, 19 (3+16) ұпай жинаған. Ал, плей-офф кезеңінде 10 матчта мұз айдынына шығып, 5 (1+4) ұпайды олжалаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер