Мартинес-Котто жекпе-жегінің жеңімпазы Головкинмен жұдырықтасады
![Мартинес-Котто жекпе-жегінің жеңімпазы Головкинмен жұдырықтасады](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1395907564_527387190.jpg?v=28695438)
Орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин, 7-ші маусым күні Нью-Йоркте өтетін Мигель Котто мен Серхио Мартинес арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасуы мүмкін.
Головкиннің өзі Хулио Сезар Чавеспен кездесуге дайындалуда. Жекпе-жек шілде айында өтеді деп жоспарланып отыр.
«Менінше, Мартинес – Котто арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кез келген орта салмақтағы боксшы кездескісі келеді. Қос боксшы да өте мықты. Бізді қызықты матч күтуде. Егерде, Головкин шілдеде Чавесті ұтса, ол Мартинес-Котто жеңімпазымен жұдырықтасуға дайын болады. Бұл керемет кездесу болушы еді», — деді Головкиннің промоутері Леффлер BoxingScene сайтына.