ММА

Сергей Морозов жеңіліс дәмін татпаған орыс спортшысымен жұдырықтасады

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Сергей Морозов жеңіліп көрмеген ресейлік спортшыға қарсы жекпе-жек өткізеді.

61 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін отандасымыз M-1 Global тұжырымының уақытша чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді. 28-маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін M-1 Challenge 102 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінді сынға түсетін отандасымыз жеңіліп көрмеген ресейлік Александр Осетровқа (5-0) қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл турнирдің басты жекпе-жегінде Шавкат Рахмонов чемпиондық атағын қорғайды.

Айта кетейік, Сергей шаршы алаңда 14 жекпе-жек өткізіп, 4 рет жеңіліске ұшыраса 10 рет қарсыластарынан басым түскен. Ол бұған дейін M-1 Global тұжырымының чемпиондық белбеуіне таласып, Мовсар Евлоевқа есе жіберген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер