ММА

Хабиб Нурмагомедов UFC-дің ең көп жалақы алатын спортшысы атанды

Хабиб Нурмагомедов UFC-дің ең көп жалақы алатын спортшысы атанды
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік Хабиб Нурмагомедов UFC-дің ең көп жалақы алатын спортшысына айналды.

UFC-мен жаңа келісімшартқа отырған спортшы енді өзгелерге қарағанда көп жалақы алмақ. Алайда нақты сомасы айтылмады.

Сондай-ақ жаңа келісімшарт бойынша Хабиб Нурмагомедов 7 қыркүйек күні Абу-Дабиде өтетін кеште Дастин Порьеге қарсы жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, Хабиб Нурмагомедов соңғы кездесуін өткен жылдың қазан айында Конор Макгрегорға қарсы өткізіп, төртінші раундта жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтап, жеңіске жеткен еді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер