Теннис

Федерер мен Надаль «Ролан Гаррос» финалының жолдамасына таласады

news-banner7
mobile-news-top

Қос теннисші грунтта алты жылдан бері кездеспеген еді.

«Ролан Гарростың» ширек финалында ардагер швейцариялық теннисші Роджер Федерер өзінің отандасы Станислав Вавринканың сағын сындырды. Кездесу 7:6 (7:4), 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есептерімен Роджер пайдасына шешілді.

Надаль 1/4 финалда жапон теннисшісі Кэй Нисикориді оңай айналып өтті. Үш сетке созылған матчта грунт королі қарсыласына бар болғаны бес гейм (6:1. 6:1, 6:3) ғана берді.

Енді финалдың жолдамасын Надаль мен Федерер сарапқа салады. Испандық теннисші өткен жылғы «Ролан Гарростың» жеңімпазы екенін айта кетейік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер