Ақмолалық Регина Максимова әлем чемпионатында күміс еншіледі
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызАқмолалық спортшы Регина Максимова Ресейде өткен ерлер мен әйелдер арасында қоян-қолтық ұрыстан 5-ші әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Байрақты жарыс Санкт - Петербург қаласында өтті. Бәсекеде әлемнің 37 елінен жиналған 200 астам спортшы шеберліктерін ортаға салды.
«Жарыс 19 салмақ бойынша (оның 10 ерлер және 9 әйелдер арасында) ұйымдастырылды. «Жекпе-жек» ережесі бойынша 19 жұп медаль және «өзін-өзі қорғау» ережесі бойынша 12 жұп медаль сарапқа салынды.
Ұлттық құрама сапындағы Регина Максимова 65-тен жоғары салмақтағылар арасында күміс жүлдегер атанды.
Жаттықтырушылары Аслан Зейноллаев пен Жаслан Жантасовтың сөзінше, Регина «жекпе-жек» ережесі бойынша татамиге шықты», -дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.