Теннис

Теннисшілеріміз «Ролан Гарроста» қанша табыс түсірді?

Теннисшілеріміз «Ролан Гарроста» қанша табыс түсірді?
news-banner7
mobile-news-top

«Ролан Гаррос» турнирінде бірде-бір теннисшіміз қалмады. Ширек финалдық кезеңге қазақстандық теннисшілердің ешқайсысы шыға алмаған.

Осы орайда бір-екі кездесу өткізген теннисшілеріміз тапқан пайдасын есептеп көрдік.

Галина Воскобоева – 7 750 еуро

Жұптық және микс сынында бақ сынаған Галин Воскобоева бірінші кезеңінен ары аса алмады.

Елена Рыбакина – 46 000 еуро

Мұндай әлемдік деңгейдегі турнирге алғашқ қатысқан Елена Рыбакина жеке сында алғашқы кездесуінде-ақ жеңіліс тапты. Жас теннисші чехиялық Катержин Синяковаға есе жіберген болатын.

Юлия Путинцева – 51 750 еуро

Қазақстанның бірінші ракеткасы жеке сындағы алғашқы матчында швециялық Ребекка Петерсоннан айласын асыра алмады. Ал жұптық сында румыниялық Андреа Митумен бірге Дарья Касаткина – Анетт Контавейт жұбына есе жіберді.

Зарина Дияс – 87 000 еуро

Қыздар арасында ең үздік нәтижені Зарина Дияс көрсетті. Екінші кезеңге өткен ол Вероника Кудерметовадан ұтылды.

Михаил Кукушкин – 76 000 еуро

Жеке сында словак Мартин Клижанға алғашқы кездесуінде есе жіберген Михаил Кукушкин 76 мың еуро пайда тапты. Оның Йоран Флигенмен жұбы ширек финалға дейін шықты.

Александр Бублик – 87 000 еуро

Александр Бублик те өзге теннисшілеріміз тәрізді екінші кезеңнен ары аса алған жоқ.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер