Басқа

Баландин чемпиондық серияда ұтып алған 4 медалі үшін қанша сыйақы алды?

Баландин чемпиондық серияда ұтып алған 4 медалі үшін қанша сыйақы алды?
news-banner7
mobile-news-top

2016 жылғы Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин чемпиондық серияның үш турнирінде 4 жүлдені қанжығасына байлады.

Гуанчжоу (ҚХР), Будапешт (Венгрия) және Индианаполис (АҚШ) қалаларында өткен үш турнирде Дмитрий Баландин бір күміс және үш қола жүлдені жеңіп алды. Осылайша ол жүлде саны бойынша 118 спортшының ішінде 62-ші орынға жайғасты.

Дмитрий Баландин күміс жүлдесі үшін 8 мың, ал қоланың әрқайсысына 6 мың доллар сыйақы алды.

Жүлделер саны бойынша Сара Шестрем оқ бойы озық шықты. Швед спортышсы 17 жүлде, оның ішінде 12 алтын, 4 күміс және 1 қола жүлдені иемденген.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер