русский язык
Футбол

Рауан Сариев: «Қайратқа» қарсы ойында өзімді көрсеткім келді»

Рауан Сариев: «Қайратқа» қарсы ойында өзімді көрсеткім келді»

Биылғы маусымда «Қайраттан» «Жетісуге» ауысқан Рауан Сариев, талдықорғандық клубтың алдағы маусымға қойған мақсаты мен алматылық командамен келісімнің бұзылуы не себептен болғанын айтты. 

- Мен үшін «Қайратқа» қарсы ойын өте маңызды болды. Алматылық командаға қарсы ойында өзімді жақсы қырымнан көрсеткім келді. Әрине, клубтан кетудің себебі өзімде. Тәртібім дұрыс болмады, ережелерді жиі бұздым. Алайда, қазір есімді жиып, тәртіпке келдім.

- Омари Тетрадзе матчқа қандай нұсқау қойды? 

- Бапкереміз қобалжымай, сауатты ойнаңдар деді.

- Алыстан соққыларың жаман емес екен. Қақпаға неге сирек тептің?

- «Кайрат» жиі шабуылдады. Қорғанысқа көп күш жұмсадық. Сондай-ақ, біз жасаңды алаңда жаттығамыз, ал мұнда табиғи шөп. 

- Дегенмен, үш ұпайға қол жеткіздіңіз…

- Жеңіске жеттік. Өзімнің ойыныма көңілім толды. Әйтесе де бұл маусымның басы ғана, алда әлі көп матч бар. Жоғары мақсаттарды көздейміз. Жүлделі орынға ілінуге бар күшімізді саламыз. Бұған қоса, бапкеріміз мықты. 

- Алматы облысының бірнеше клубы қаржы мәселесіне байланысты қиыншылықтар көрді. Сіздерде жағдай қалай?

- Қаржылық тұрғыда бізде бәрі жақсы. Ешқандай қиындық жоқ. Клуб басшылығы алтылыққа енуді көздеп отыр. Біз болсақ, чемпиондыққа таласуға тырысамыз. Ол үшін көп еңбек ету керек, сонда ғана турнирлік кестенің жоғары сатысынан көрінеміз. 

- Сіздің жеке көзқарасыңызды білгіміз келеді, «Қайрат» мынандай ойынымен УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіне шыға алады ма? 

- Чемпионат енді басталды, «Қайрат» әлі-ақ өзіңн көрсетеді. Еуропа Лигасы жазда бірақ басталады. Оған дейін қателерін түзеп, өз ойындарын табады деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;