Баскетбол

Жасөспірімдер құрамасы Әлем Кубогын сәтті бастады

news-banner7
mobile-news-top

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында 3х3 баскетболдан 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем Кубогы басталды, деп хабарлайды Prosports.kz порталы.

Аталмыш турнирге Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қатысуда. Жерлестеріміз алғашқы ойында Түркіменстан елімен сынға түсті. Қазақстандық спортшылар овертаймда жеңіске жетті – 20:18.

Жарысқа қатысушы командалар төрт топқа бөлінді. Қазақстан D тобында Ресей, Украина, Түркіменстан және Доминикан Республикасына қарсы ойнайды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер