Басқа

Спортшыларымыз Олимпиада медалін қайтарып жатыр

Спортшыларымыз Олимпиада медалін қайтарып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық спортшылар Олимпиада медалін қайтара бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кеңейтілген допинг тексеруден соң жүлдеден қағылған қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова мен Ирина Некрасова Олимпиада ойындарында иеленген жүлделерін қайтарды. Светлана Лондон Олимпиадасының алтынын, Ирина Бейжің Олимпиадасының күмісін қайта тапсырды.

Айта кетелік, 2016 жылы Халықаралық Олимпиада комитетінің Тәртіптік комиссиясы (ХОК) мен Спорттық арбитражды сот (CAS) қазақстандық жеті ауыр атлет пен екі балуанның XXIX және XXX Олимпиада ойындарында жеңіп алған (Бейжің-2008, Лондон-2012) медальдарын жоққа шығарып, олардың допингке қарсы ережені бұзғандарын жария етті. Шешімге сәйкес атлеттер жарыстан шеттетіліп, нәтижелері жоққа шығарылды және медальдарды қайтаруға міндеттелді.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер