русский язык
Футбол

Астанадағы УЕФА конгресін бүкіл Еуропа бақылайды

Астанадағы УЕФА конгресін бүкіл Еуропа бақылайды

27-ші наурызда Астанада өтетін УЕФА ұйымының кезекті XXXVIII конгресі еуропа футболының маңызды оқиғаларының бірі болады, дейді FIFPro бас хатшысы Тео Ван Сеггелен.

Кәсіби футболшылар қауымдастықтары халықаралық федерациясының (FIFPro) бас хатшысы елордада өткен баспасөз мәслихатында атап көрсеткеніндей, УЕФА конгресінде қазіргі замандағы әлемдік және еуропалық футболдың өзекті мәселелері мен футболшылардың құқықтары талқыланады.

«Конгресс - өте маңызды шара. Ертең бірқатар түйткілді мәселелер талқыланады, маңызды шешімдер қабылданады. Шараны барлық Еуропа бақылап отырады. Ұйымдастыру жағы өте жоғары деңгейде», - дейді Т.Сеггелен.

Сонымен қатар оның айтуынша, футболшылар өздерінің құқықтарын сауатты қорғауы тиіс.

«Қазақстандық футболшылардың жеке құқықтарын қорғай алатыны мені қуантады. Бұл елде кәсіби футболшылардың қауымдастығы және бапкерлердің «ProFootball» ұйымы құрылған және FIFPro халықаралық федерациясымен тығыз қарым-қатынастар орнатқан. 2015 жылы Қазақстан ресми түрде FIFPro-ға мүше атанады», - деді ол.

Еске сала кетейік, Астанада өтетін УЕФА конгресі ұйымның ресми сайты арқылы әлемге онлайн-көрсетілім арқылы таратылатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;