русский язык
Футбол

Астанадағы УЕФА-ның конгресі бүкіл Еуропаға таратылады

Астанадағы УЕФА-ның конгресі бүкіл Еуропаға таратылады

27-ші наурыз күні Астана қаласында өтетін УЕФА-ның XXXVIII Конгресі Еуропа футболы үшін аса маңызды болмақ, - дейді FIFPro-ның бас хатшысы Тео Ван Сеггелен.

Пресс-корнференцияға Қазақстан атынан ProFootball кәсіпқой ойыншылар мен бапкерлер Ассоциациясының хатшысы Әйгерім Сабралиева, ұлттық құрама капитаны Қайрат Нұрдаулетов және Максим Жалмағамбетов қатысып,  FIFPro басшысының қолынан ФИФА-ның арнайы белгісін алды.

«Ертең конгрессте көптеген мәселелер шешімін таппақ және соған байланысты іс-шаралар жүргіземіз. Аталмыш шараны барша Еуропа тамашалайтын болады.

Қазақстан футболшылары өз құқықтарын біледі. Бұл мені  қуантады. ProFootball кәсіпқой ойыншылар мен бапкерлер Ассоциациясы FIFPro-мен тығыз байланыста. 2015 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан ресми түрде FIFPro мүшелігіне енеді. Бұл дегеніміз елдегі футболдың дамып жатқандығын білдіреді», - дейді Сеггелен.

FIFPro — кәсіпқой футболшылар ұйымының халықаралық қауымдастығы. Қазіргі кезде бұл қауымдастыққа 55 кәсіпқой футболшылар ұйымы кіреді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;