Алматыда Дәулет Тұрлыханов атындағы грек-рим күресінен турнир өтеді
![Алматыда Дәулет Тұрлыханов атындағы грек-рим күресінен турнир өтеді](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1395832635_279881223.jpg?v=28695334)
Алматыда наурыздың 26-сы мен 27-сі «Достық» спорт кешенінде қазақ халқының атақты палуаны Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесі үшін дәстүрлі Республикалық турнир өтеді.
Аталмыш додаға Қазақстанның барлық аймағынан 1997-1999 жылы туған палуандар қатысады. Турнир 26 наурыз күні сағат 09:00-де басталады.