Басқа

Александра және Екатерина Немичтер алғашқы сегіздікке енді

news-banner7
mobile-news-top

31 мамыр күні Барселонада синхронды жүзуден FINA World SERIES аясындағы әлем кубогі кезеңі басталды. «Техникалық дуэт» бағдарламасында сынға түскен қазақсандық апалы-сіңлілі Немичтер 8-ші орын иеленді.

Бұл сында алтын жүлдені украиналық Марта Федина мен Анастасия Савчук жеңіп алды. Күміс жүлде испаниялық Паула Рамирез Ибаньес пен Сара Сальдана Лопестің еншісінде. Үздік үштікті франциялық Шарлотта және Лаура Тремблдр тұйықтаған.

Қазақстандық Екатерина және Александра Немичтер 82, 8227 ұпай жинап, 22 команданың ішінен 8-ші орынға тұрақтады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер