Басқа

Баландин: Champions Swim Series турнирінің Токио қарсаңында маңызы зор

news-banner7
mobile-news-top

АҚШ-тың Индианаполис қаласында жүзуден Champions Swim Series турнирінің соңғы кезеңі аяқталып, 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Дмитрий Баландин күміс жүлдегер атанды.

Спортшы жарысқа өз бағасын беріп, аталған турнирдің дайындық кезеңіндегі ролі үлкен болғанын айтты.

«Champions Swim Series турнирінде екінші орын алғаным үшін қуаныштымын. Бірінші орынды ресейлік Антон Чупков, үшінші орынды голландиялық Арно Камминг иеленген. Турнир көңілімнен шықты. Жарыстың өткізілу форматы жаңа әрі қызықты. Сондықтан, мұндай ірі додаға Қазақстанның да қатысқаны үлкен мәртебе. Бұл бәсеке спортшылар үшін, әсіресе, өзім үшін үлкен тәжірибе болды. 2019 жылғы әлем чемпионаты мен Токиодағы Олимпиада ойындарына дайындық барысында бұл сынның маңызы зор. Енді осы қарқынмен дайындықты жалғастырамын», - деді Баландин.

Айта кетелік, аталған турнирге Халықаралық су спорты федерацияның арнайы шақыртуын алған спортшылар ғана қатысты. Бірінші кезеңде Баландин төртінші орын иеленіп, Токио Олимпиадасына жолдама еншіледі. Сондай-ақ, аралас эстафетада үздік үштікке енді. Екінші кезеңде Дмитрий екі қола жеңіп алса, үшінші әрі финалдық сынды күміспен аяқтады.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер