Күрес

Нұр-Сұлтан қаласында жекпе-жек сарайы ашылады

news-banner7
mobile-news-top

Елорда күні қарсаңында Жекпе-жек сарайының құрылысы аяқталады. Бұл туралы Парламент Сенатындағы Үкімет сағатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов айтты.

«Жақын арада 5 мың орынға арналған Жекпе-жек сарайының құрылысы аяқталады, яғни қала күнінде ашылады деп жоспарлануда», - деді Е. Каналимов.

Оның атап өтуінше, бүгінде дене шынықтыру және сауықтыру кешендері жетіспейді

«Қазіргі кезде спорттық нысандар шамадан тыс жұмыс істеуде, яғни оның деңгейі 143 пайызға жетті. Елбасы тапсырмасын орындау аясында 4 тұрғын алабында дене шынықтыру-сауықтыру кешеннің құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Бұл кешендер әмбебеп болады. Спорттық алаңдардан бөлек, осы аумақта халыққа қызмет көрсету орталығы, егде жастағы адамдар үшін клуб, полиция, дәріхана, медициналық пункт қамтылады. Құрылыс жұмыстарына 6,4 млрд теңге қарастырылып, 2,7 млрд теңгесі бөлінді. Құрылыс жұмыстарын бастау биылдың екінші жартжылдығына жоспарланған. Бұл ғимараттар 2021 жылы пайдалануға беріледі»,- деді әкімнің орынбасары.

Осы орайда, ол бұл спорттық нысандар барлық тұрғындар үшін қолжетімді болатынын атап өтті.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер