Әлем футболы

ЧЛ финалы. Командалар жолы, сандар, болжам

ЧЛ финалы. Командалар жолы, сандар, болжам
news-banner7
mobile-news-top

Сенбі күні түнде Мадридтегі әдемі «Ванда Метрополитано» стадионында Чемпиондар лигасының финалдық матчты өтеді. Жылдың басты кездесуі жайлы біршама мағлұмат беруді жөн көрдік.

Еуропадағы ең маңызды турнирдің шешуі ойынын Мадрид бесінші рет қабылдағалы отыр. Бұл деңгейдегі матчтар осыған дейін 1957, 1969, 1980 және 2010 жылдары «Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен болатын.

Екі ұжымның топтағы тағдырлары қызық. Екеуі де артқа итальяндық командаларды қалдырды. Олармен ұпайлары тең болса да қосымша көрсеткіштердің арқасында плей-офққа ағылшындар жолдама алды. «Ливерпуль» тоғыз ұпаймен топтан екінші орынмен шықты. Бірінші сатыны «ПСЖ»-ға беріп қойды. Париждіктерге де, тоғыз ұпаймен үшінші орында қалып қойған «Наполиге» де, көш соңындағы «Црвена Звездаға» да бір-бірден жеңіліп шықты. «Тоттенхэмнің» финалға шығуына «Барселона» мен ПСВ-ның көмегі тиді. Соңғы турда алғашқысы «шпорлармен» «Камп Ноудағы» матчта тең түсті. «Барселона» ротация қолданды, себебі олар бірінші орынды қамтамасыз етіп қойған еді. ПСВ өз алаңында «Интермен» тең түсті. Сөйтіп, топтан «Тоттенхэмнің» шығуына испандар мен нидерландықтар жағдай жасап берді десек те болады. «Тоттенхэм» секілді 8 ұпай жинаған «Интер» бармақ тістеп, Еуропа лигасына жолдама алып кете барды.

1/8 финалда «Ливерпуль» де, «Тоттенхэм» да неміс командаларына тап болды. «Қызылдардың» проблемалы «Баварияны» айналып өтуі жаңалық бола қойған жоқ. Ал, сол кезде Бундеслиганың көшін бастап тұрған дормундық «Боруссияны» қос матч қорытындысы бойынша тас-талқан етуі, Почеттино командасының да осал емес екенін аңғартқан еді.

Футбол адамның ішкі сезімімен қалай ойнайды десеңізші... Себебі, 1/4 финалдағы «Манчестер Ситиге» қарсы ойынның соңғы минуттардағы сценарийін сөзбен жеткізу мүмкін емес. 90 минуттан аса бере Гвардиола жігіттері жеңісті голды соғып кетті. Бәрінің өкініштен өзегі өртенді, турнирдің аяқталғанын түсінді, соған сенді. Алайда, аяқ асты VAR оффсайд анықтап, «Тоттенхэмді» жартылай финалға сүйреп шығарды. «Аякспен» Амстердамдағы матчты айтсаңызшы... Кейннің көлеңкесінде жүрген Лукас Моура жарқ етіп шықты да, «Тоттенхэмге» тұңғыш финалды сыйлады. Почеттино балаша жылады. Тынымсыз еңбек жемісінің, соңғы жылдардағы қиыншылықтың көз жасы. Барымен базар деп, екі маусым емес, бір ай трансфер жасамасаң тайып тұратын бапкерлер көп қазір. «Ливерпуль» ширек финалда «Портуға» жолығып, біраз тынығып алғаннан кейін, 1/2 финалда Месси бастап, Суарес қостаған«Барселонаның» күлін көкке ұшырды.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð»Ð¸Ð²ÐµÑпÑÐ»Ñ Ð±Ð°ÑÑелона 4-0

- Ішкі біріншілікте «Тоттенхэм» «Ливерпульдан» 26 ұпайға қалып қойды. Почеттино жігіттері төртінші орынға, Клопп командасы екінші орынға тұрақтады.

-Командалар осы маусымда екі рет жолығып, екі матчта та 2:1 есебімен «қызылдар» пайдасына шешілді. Тарихта қос ұжым 173 рет кездесіпті. «Ливерпульдің» еншісінде 81, «Тоттенхэмда» 48 жеңіс. Тағы 44 ойын тең нәтижемен аяқталыпты.

- «Ливерпуль» тарихында бес рет бұл турнирде топ жарған. Соңғы рет Стамбулдағы әйгілі финалда.

-«Тоттенхэм» осыған дейін финал түгілі, бұл жарыстың жартылай финалында бір мәрте ғана, сонау 1961/1962 маусымда өнер көрсеткен. Ал осы ғасырдағы ең үлкен жетістігі ширек финал.

-Екі команданың жолдары 1972/1973 маусымда УЕФА кубогының жартылай финалында түйіскен. Командалар өз алаңдарында жеңіспен алмасып, қонақта соққан бір голдың арқасында «Ливерпуль» финалға жолдама алды.

- Осы Чемпиондар лигасының барысында екі команда да 12 матч өткізді. Сол 12 ойында «Ливерпуль» 22 гол соғып, 12 доп өткізген. «Тоттенхэмнің» көрсеткіші - 20:17

- «Ливерпуль» сапында Наби Кейтадан басқа футболшылардың бәрі матчқа сақадай сай. Ал, «Тоттенхэм» қатарынан Харри Кейн командаға көмектесе алмауы мүмкін. Почеттиноға бұл айтарлықтай проблема бола қоймас. Себебі, 1/4 және 1/2 финалдарды Кейнсіз де артқа тастаған.

Букмекерлер «Тоттенхэмнің» жеңісін бар болғаны 24 пайызға бағалап отыр. Былтыр финалда жолы болмаған «Ливерпуль» дәл қазір ұстағанын жібере қоймайтын аш қасқыр секілді. Сондықтан, Клопп жігіттерінің фаворит екені түсінікті. Оның үстіне бапкердің де тәжірбие жинап, толысқанын мойындау керек. Әрине, Почеттиноның «Тоттенхэмге» сіңірген ерең еңбегі бар. Алайда, үшінші жыл қатарынан финалда жеңілу, дәл Юрген Клоппқа келгенде әділетсіздік болар еді.

Болжамды құрамдар:

«Тоттенхэм»: Льорис, Алдервейрелд, Дайер, Дэвис, Триппьер, Сиссоко, Ваньяма, Алле, Лукас Моура, Эриксен, Льоренте.

«Ливерпуль»: Алисон, Милнер, Матип, ван Дейк, Робертсон, Фабиньо, Вейналдум, Хендерсон, Мане, Салах, Ориги.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер