Әлем футболы

Юрген Клопп: Жалғыздық менің жаныма жат

Юрген Клопп: Жалғыздық менің жаныма жат
news-banner7
mobile-news-top

Мадридтегі Чемпиондар лигасының финалы алдында «Ливерпуль» бас бапкері The Independent порталына үлкен сұқбат берді. Назарларыңызға сол сұқбаттың аудармасын ұсынамыз.

Юрген Клопп «Ливерпульді» екінші жыл қатарынан финалға шығарып отыр. Осы он жылдықтың басынын бері Чемпиондар лигасында айтырлықтай жетістікке жетіп көрмеген командаға бұл керемет нәтиже. Клуб үшін неміс бапкерінің орны ерекше екені айтпаса да түсінікті.

Футболды неге сүйесіз?

– Ха-ха-ха! Вау, окей! Сіздің сұрағыңыз... Мен не үшін футболды сүйемін?

[ұзақ үзіліс]

Мен футболды өмір бойы сүйіп келемін. Мүмкін ес білгелі бері. Бала кезімде достарыммен бірге футбол ойнай бастағалы бері бұл спортқа ынтызарым ерекше ауған. Себебі, мықты команда болу үшін, сен достарыңның мықты тұстарын, ерекше қырын білуге тиіссің. Біз бір-біріміз арқылы ғана дами түсеміз, алға жылжимыз. Сосын, футболдың өз көрікті тұстары да бар ғой.

Демек, футбол ұжымдық спорт болғасын махаббатыңыз ашылды ғой?

Менің әкем теннис бапкері болған. Футболшыдан қарағанда, ол кісі мен болашақ теннисші ретінде көретін. Ал, мен жалғыз жаттыққанды жаным қаламайтын. Табиғатымнан сондаймын, жалғыздықты ұнатпаймын. Ойлап қара, бірнеше сағат бойы: форхэнд, бэкхэнд, бэкхэнд, форхэнд… Тек бапкер екеуің ғана. Ал, еркіме салса футболды достарыммен 12 сағат ойнауға келісер едім.

Сіздің білімді адам екенініз баршаға мәлім. Өмірге деген өз көзқарасыңыз бар, қызығатын дүниеңіз де көп. Дегенмен, осы спортқа бар өміріңізді арнадыңыз. Өткенге бір қарап өтіп, футболға арнаған уақытыңызды, талант-біліміңізді, күш-жігеріңізді бұдан да жақсы пайдалануға болар ма еді деген ой келмей ме?

Кейде ондай ой да келеді. Өкініш те болған. 33 жасымда футболшы мансабымды аяқтадым. Үш күннен кейін жұмысқа шығу керек болды. Неге? Себебі болашаққа деп бір тиын да жинамаппын. Сол кезде өзім армағандай, медицина саласында оқып, футболды екінші қатарда алып жүру керек еді деген өкініш болды. Бірақ, жолым болып кетті. Өмір маған үлкен мүмкіндік сыйлады. «Майнцтың» бапкері болып шыға келдім. Білесіз бе, бойыңда тума талант болмай, футболды мен секілді нашар ойнасаң, онда футбол жайлы көп зерттеуің керек. Бұл менің үлкен бапкерлік жолымда көмек болды. Алғаш рет допты 5 жасымда тебе бастадым. 33 жаста алаңда доптың артынан жүгіруді доғардым дедім. Сонда 28 жыл қатарынан мен футболды зерттеп келіппін.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ klopp interview independent

Әлем футболына төніп тұрған үлкен қауіп бар ма?

– Тамыры терең кеткен ұйымдар бұл спортқа өте қауіпті. Жыл сайын жаңа турнирлер ұйымдастырады, соның салдарынан матчтар саны көбейіп барады. Футболшылар жаттығуға да көңіл бөлу керек, демалу керек. Ең соңғы матчты 1 маусым күні өткіземіз. Бірақ, кейбір спортшылар толыққанды демалысқа кете алмайды. Ұлттар лигасы, Африка ұлттарының кубогы. Былтыр біз маусымға жаттығуды 2-ші шілдеде бастадық. Сонда 12 ай үздіксіз футбол.

Заман алға жылжып барады ғой. Футбол қаржының төңірегінде дамып отыр. Сол қаражатты табатын ұйымдар, клубтар, федерациялар емес пе?

Неге халықаралық ұйымдар қаржыны қырып табуға тиіс? Шығатын шығынға жеткілікті болса болды. Неге УЕФА өз жеке қорыңда артық ақша ұстауы тиіс? Мысалы, турнирді ұйымдастыру үшін осыншама қаражат керек, бірақ одан да көп ақша табу керек. Неге? Осы сұраққа жауап таба алмаймын. Әлем чемпионатыы мен Чемпиондар лигасы байырғы турнирлер. Неліктен осы жарыстарға қатысушылардың санын арттыра бергісі келетіні бәрімізге түсінікті. Жаһан біріншілігіне 32 команда да жетеді. Артық матчтар бізге керек емес.

Клубтық турнирлер жайлы не айтасыз? Бұрын ортаң қол командаларда топ жаруға мүмкіндік болатын. Бүгін қаржылық теңсіздік командалар арасын алшақтатып барады. Бұл үлкен проблема ма?

Солай десе болады. Мен Германияда жұмыс істедім ғой. «Бавария» жылда чемпион болған сияқты сезіледі. Бірақ, деңгейі төмен командаларда да мүмкіндік болады. Ол үрдіс жалғасатынына мен сенімдімін. «Байер» жақсы құрам жасақтады. «Дортмунд» тағы чемпиондыққа таласты, «Лейпциг» жыл сайын жоғары өрлеп келеді. Онда талас бар. Ал, Англиядағы талас-тартыстың жөні бір бөлек.

«Аякс» секілді Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан команданы бірден талан-таражға салу қаншалықты әділ?

– Ол сол елдің аумағына, жергілікті лиганың деңгейіне байланысты деп ойлаймын. Иә, бұл өте ауыр, әрі күрделі мәселе, бірақ өзің бұны қалай өзгертуді ұсынасың?

Мен білмеймін. Сол үшін де мені бұл жайт қатты қорқытады.

– Олар финалға өте жақын болатын. Әрине, «Тоттенхэм» де шешуші матчқа лайық болды, бірақ «Аяксқа» сәттіліктің теріс айналғаны ай. Бізде де «Дормундпен» бірнеше жыл бұрын мүмкіндік болған. Енді екі жыл қатарынан «Ливерпульмен». Біз бен «Тоттенхэмға», және осыған дейін жарыс жолынан шығып қалған командаларға қараңыз. Кейбір клубтар футболшыларды әдейі Чемпиондар лигасы үшін сатып алады. Бірақ, олардың бәрі сенбі күні алаңға шықпайды. Сондықтан, мүмкіндік бәрінде бар. Біреуде көп, біреуде аз дегендей. Бірақ, осыған мойынсұнып, тек футболды ғана ойласаң, басқалармен теңесе аласың.

Қай команданы баптасаңыз да, клубпен арадағы ара-қатынасыңыз ерекше деңгейде болды. Тым жақын деуге болатын шығар. Неліктен деп ойлайсыз?

– Себебін анық білмеймін. Бізге өмір бір-ақ рет беріледі, соныдықтан, керемет өмір сүруге тырысу керек. Кейде, жеке өзің өміріңді жақсарта аласың, кейде ол мүмкін емес. ФУтбол, менің түсінігімде - көңіл көтеретін құрал. Егер, адамдардың ішің пыстырсақ, біздің ойынды көру үшін олар келмейді де. Сондықтан, оларға қуаныш сыйлай білуіміз керек. Тек қана трофейлермен емес. Әрине, ол басты мақсат. Бірақ, бастама мен кубокка дейінгі жол арасында естен кетпес сәттер көп болу керек. Бағымызға орай, бізде олар бар.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ liverpool barcelona 4-0 klopp

Футболды өмір мен өлім мәселесі деу ақымақтық деп, сіз бірнеше рет айтқансыз. Өмірде жинаған тәжірбиеңіз футболдағы сәтсіздіктерді ұмытуға көмектесе ме?

– Құдайға деген сенімім маған көмектеседі. Өмір - өткен мен болашақ емес, дәл қазіргі сәт. Өмірге ұқыпты қарауың керек. Рахат сезім ала білу де маңызды. Ол бірқалыпты болмайды, қиын сәттерде өміріңе бей-жай қарамауға тиіссің. Біз енді бала емеспіз, әрбір ісімізге жауап береміз. Білемін, бұл сұрақтың түбінде менің сәтсіз финалдарым жатыр (Юрген Клопп соңғы 6 финалды ұтылған). Әрине, ауыр тиеді. Бірақ, сол алты мәрте шешуші сәтке дейін барғанымыздың өзі ерлік деп санаймын. Финалда ешкім бізді күтпесе де, түбі біз шығып отырдық.

Сонда сіз үшін қорытынды нәтижемен қатар, процесс барысы да маңызды ма?

– Ішкі түйсігім солай дейді. Қорытынды да маңызды, оны қалай жоққа шығара алам. Бірақ, АПЛ-дағы біздің осы маусымда алып қараңыз. 97 ұпайға аз, бар болғаны екінші орынға ғана жетті. Бірақ, өте тамаша маусым өткіздік деп есептеймін.

Киевтегі финалдан (өткен жылғы Чемпиондар лигасының финалы, «Реал Мадрид» 1:3) кейін тез ес жидыңыз ба?

– Жеңілістен кейін оған аса қатты мән бермеймін деп шештім. Барлығы ойынды көрді. Болған жайт болды. Не өзгерте аламыз? Еңсе түсіп, жер тепкілегеннен не пайда? Англияға оралғаннан кейін тез ес жиып алдым. Тіпті, бәрін тез қабылдадым десем де болады. Тіпті, ұшақтан түскен кезде отбасымының ұнжырғасы түсіп тұрғанын байқадым. Бірақ, салынып қайғыратын мен емес. Киевтен қайтатын кезде, финалған жақын арада қайта оралғым келетінін түсіндім. Бірақ, бір жылдан кейін мүмкіндік болады деп ойламаппын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер