Басқа

Астанада онкологиялық ауруды жеңген балалар жарысқа қатысады

news-banner7
mobile-news-top

Балаларды қорғау күніне орай Нұр-Сұлтан қаласында 1-2 маусым күндері «UMC» КҚ «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығының онкология және бүйрек пен бауыр трансплантациясы бөлімшелерінің бұрынғы пациенттері арасында "Чемпиондардың алғашқы республикалық ойындары" атты спорт жарысы өтеді.

Жарыстар жеңіл атлетика (жүгіру, 60 м), «Асық ату» ұлттық ойыны, үстел теннисі, ату (пневматикалық винтовка, 10 м), футбол (мини-футбол), шахмат (Швейцария жүйесі бойынша), боулинг секілді спорт түрлерінен өтеді. Ойынға 3 жастан 16 жасқа дейінгі ауруды жеңген 106 бала қатысады. Аталған іс-шараның басты мақсаты - аурумен ұзақ уақыт бойы күресіп, оны жеңген балаларға өмірге қайта оралуға және аяғынан тұруға көмектесу.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер