Басқа

Пауэрлифтер әлем рекордын жаңартты

Пауэрлифтер әлем рекордын жаңартты
news-banner7
mobile-news-top

Токио қаласында пауэрлифтингтен өткен халықаралық біріншілікте қарағандылық Қараман Абдулкәрім 59 кило салмақ дәрежесінде әлемнің екі дүркін чемпионы атанды.

Спортшы «классикалық сығымдап көтеру» тәртібі бойынша 175,5 кило салмақты көтеріп, әлем рекордына өзгеріс енгізді. Ал жарыстың соңғы күні ол «жабдықсыз штанганы жатып көтеру» сынында 217,5 кило салмақты бағындырып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына екінші мәрте көтерілді.

– Өткен жылы әлем чемпионатында екінші орын алдым. Осыдан кейін алдыма алтын медаль алып, әлемдік біріншіліктің үш мәрте жеңімпазы атану мақсатын қойдым. Олимпиялық емес спорт түрінде бұл нәтиже «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алуға құқық береді. Арманыма жеткеніме өте қуаныштымын, – деді чемпион және рекордшы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында өзінің құрметіне ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында.

Қараман Абдулкәрім Шет ауданындағы Ақадыр кентінде тұрады. Спортшы облыстық мамандандырылған кешенді спорт мектебінің түлегі, қазіргі уақытта ол Қарағанды облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің қамқорлығына алынған.

Айта кету керек, Қараман Абдулкәрімді әкесі, 70 жастағылар арасындағы ардагерлердің халықаралық жарыстарында жүлдегер болып жүрген Дәрібай Оспанов жаттықтырады.

Түпнұсқасы: egemen.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер