Баскетбол

«Астана» жетінші мәрте ел чемпионы атанды

news-banner7
mobile-news-top

Баскетболдан Ұлттық лиганың финалдық сериясы аясында «Астана» мен «Барсы Атырау» екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Назарбаев Университеті» спорт кешенінде өткен матчта алаң иелері еш қиындықсыз жеңіске жетті. Есеп – 80:71.

Атырау қаласында өткен алғашқы кездесуде де елордалықтар жеңіске жеткен (88:83).

Осылайша, «Астана» 2018/2019 жылғы Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. Бұл елордалықтардың жетінші мәрте ел чемпионы атануы.

«Астана» (Нұр-Сұлтан) – «Барсы Атырау» (Атырау) 80:71 (23:18, 22:28, 15:6, 20:16)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер