Ауыр атлетика

Илья Ильин: Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаймын

Илья Ильин: Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдаймын
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық атақты ауыр атлет Илья Ильин маусым айында болатын президенттік сайлауда кімге дауыс беретінін айтты, деп хабарлайды Рrosports.kz.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтің Республикалық қоғамдық штабының ресми Instagram парақшасында жарияланды.

Президент штабының Қызылорда облысындағы халықпен кездесуінде Илья Ильин былай деді:

- Менің ойымша, Қасым-Жомарт Тоқаев алда келе жатқан президент сайлауындағы ең үздік кандидат. Себебі оны Елбасының өзі ұсынып, қолдау білдіріп отыр. Ал мен Нұрсұлтан Әбішұлының саясатын қос-қолдап қолдаймын. Сондықтан бәріңізді сайлауға келіп, Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырамын. Қасым-Жомарт Тоқаев – өте керемет адам. Сонымен қатар, Тоқаевті саясат туралы, елдегі жағдай туралы жетік білетін, осы салада ұзақ уақыт жұмыс жасаған тұлға деп есептеймін. Барлықтарыңызға мені қолдап, құрметтегендеріңіз үшін алғыс білдіремін. Сөз соңында тағы да, баршаңызды Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер