русский язык
Бокс

Абель Санчес: «Головкин-Чавес жекпе-жегі өтсе екен деп тілеймін»

Абель Санчес: «Головкин-Чавес жекпе-жегі өтсе екен деп тілеймін»
Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA мен IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртін Хулио-Сезар Чавеске қарсы кездесуге дайындап жатыр
 
«Келесі жекпе-жек Хулио-Сезар Чавеспен болады деп үміттенемін. Қос боксшының промоутерлері Том Леффлер мен Боб Арум кездесуді ұйымдастыруға жақындап қалды», - деді ол.
 
Геннадий Головкин осы кездесу үшін салмақ қосу керек. Санчестің айтуынша, Чавеспен өткізген жекпе-жектен кейін ол өз салмағына қайта оралады.
 
«Головкин-Чавес жекпе-жегі – өтсе екен деп тілеймін, бұл есте қаларлық кездесу болады деп ойлаймын», - деді СанчесTheSweetscience.com. сайтына.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;