Грек-рим күресі

XXV «Болат Тұрлыханов кубогы» аяқталды

XXV «Болат Тұрлыханов кубогы» аяқталды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда грек-рим күресінен Болат Тұрлыханов кубогы халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Айдос Сұлтанғали жарақатына байланысты финалдық сайысқа шыға алмады. Осылайша, 60 кг салмақта жеңіс ирандық балуанға бұйырды. Осы салмақта қола жүлдені ресейлік Мингиян Семенов пен өзбекстандық Исломжон Бахрамов иеленді.

60 келі

1. Али Реза Нежати (Иран)

2. Айдос Сұлтанғали (Қазақстан)

3. Исломжон Бахромов (Өзбекстан), Мингян Семенов (Ресей)

67 кг салмақта Грузия елінің өкілі Шмаги Болквадзенің сайыстан шығып қалуына байланысты жеңіс ресейлік Заур Кабалоевке бұйырды. Үшінші орынды Иран және Өзбекстан спортшылары қанжылады.

67 келі

1. Заур Кабалоев (Ресей)

2. Шмаги Болквадзе (Грузия)

3. Мохамед Резаи (Иран), Арам Варданян (Өзбекстан)

77 кг дейін салмақта сынға түскен Ділмұхамедов грек-рим күресінен қазіргі әлем чемпионы, ресейлік Александр Чехиркинмен кездесті. Белдесу 4:1 есебімен қазақстандық балуанның пайдасына шешілді.

77 келі

1. Асхат Ділмұхамбетов (Қазақстан)

2. Александр Чехиркин (Ресей)

3. Асхат Жаңбыров (Қазақстан), Пежман Поштам (Иран)

87 кг дейін салмақта ресейлік Бекхан Оздоев Иран елінің өкілі Ramin Taherisartang-ты ұтып, жеңімпаз атанды.

87 келі

1. Бекхан Оздоев (Ресей)

2. Рамин Танерисартанг (Иран)

3. Радик Кулиев (Беларусь), Микалай Стадуб (Беларусь)

армения елінің спортшысы Артур Алексанян ресейлік Александр Головинді жеңіп, 97 келіге дейін салмақта жеңімпаз атағын иеленді. Қалған жүлделі орындар ресейлік спортшыларға бұйырды.

97 келі

1. Артур Алексанян (Армения)

2. Александр Головин (Ресей)

3. Данила Сотников (Ресей), Никита Мельников (Ресей)

130 кг дейін салмақта Беларусь елінің өкілі Кирил Хришчанка үздік атанды.

130 келі

1. Кирилл Хришчанка (Беларусь)

2. Виталий Щур (Ресей)

3. Якоб Каджая (Грузия), Shahab Ghourehjili (Иран)

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер