Хоккей

Элиталы дивизионға өткен ұлттық құрамамыз рейтингіде төмендеді

Элиталы дивизионға өткен ұлттық құрамамыз рейтингіде төмендеді
news-banner7
mobile-news-top

Халықаралық мұзайдындағы хоккей федерациясы (IIHF) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Рейтинг Словакияда өткен әлем чемпионатының қортындысы бойынша жаңартылды. Финалда Канаданы ұтқан Финляндия әлем чепмиона атанса, қоланы Ресей құрамасы иемденді.

IIHF рейтингінде Канада құрамасы көш бастап тұр. Ресей құрамасы бір саты көтеріліп, екінші орынға жайғасқан. Ал үздік үштікті Швеция түйіндеді.

Ал бірінші дивизион құрамалары арасында өткен әлем чемпионатында екінші орынмен элиталы дивизионға жолдама алған Қазақстан құрамасы жақсы нәтижесіне қарамастан бір саты төмендеп, 19-ші орынға түсіп қалды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер