Бокс

Данияр Елеусінов: Нокаутқа түсірем деп ойлап едім

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Луис Норамбуэнамен өткен жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.

Данияр жетінші жеңісіне қол жеткізді. Ол Луис Норамбуэнамен 6 раундты толық өткізіп, жеңімпаз атанды. Алайда жекпе-жектің өз ойындағыдай болмағанын атады.

- Жеңгенім үшін Аллаға шүкір етем, бірақ мен уақытытан бұрын сұлатып, жеңем деп ойлаған ем. Қарсылас маған қолайсыз болып шықты, - дейді Данияр.

Айта кетейік, Луис Норамбуэнаның Даниярға қарағанда бойы, аяқ-қол қысқа спортшы. Сондықтан жекпе-жек кезінде отандасымыз еңкейе, қарсыласын қуып жүре жұдырықтасты.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер