Күрес

Белдесуден Дәурен Нұралинов «Халық Барысы» атанды

Белдесуден Дәурен Нұралинов «Халық Барысы» атанды
news-banner7
mobile-news-top

Алматыда 25-26 мамыр күндері «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндер кешенінде қазақ күресінің бір тармағы - белдесуден республикалық турнир өтті.

Аталған күрес түрінен бақ сынауға Қазақстанның барлық аймағынан 1 мыңға жуық балуан келді. Жарыстың бірінші күні олар іріктеу кезеңінен өтті. Ал турнирдің екінші күні 32 балуан өзара күш сынасты.

І орын иеленген Дәурен Нұралиновқа (Алматы қаласы) 9 млн теңге, диплом, медаль, шапан сыйға тартылды. Жаттықтырушысы Қиқымов Мақсатқа 1 млн теңге берілді.

ІІ орын алған Талғат Жиентаевқа (Қостанай облысы) 4,5 млн теңге, диплом, медаль, шапан сыйға тартылды. Жаттықтырушысы Жиентаев Тоқтарға 500 мың теңге берілді.

ІІІ орындағы Ғалымжан Қырықбаевқа (Жамбыл облысы) 2,7 млн теңге, диплом, медаль, шапан сыйға тартылды. Жаттықтырушысы Ақбергенов Бахтиярға 300 мың теңге табысталды.

ІV орындағы Ернар Мағауинов (Алматы қаласы) 1,8 млн теңге, диплом, медаль, шапан сыйға тартылды. Жаттықтырушысы Насиев Ермек, 200 мың теңге берілді.

Екінші рет өткен «Халық Барысы» турнирінде «Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында ұмыт қалған көне балуандық өнеріміз «белдесу» спорт түрін қайта жаңғыртуды жүзеге асыру, жастарды спортқа тарту, қазақ халқының ұлттық спорт түрлерін насихаттап, спорттық салт-дәстүрін сақтауға жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер