Баскетбол

Әйелдер құрамасы Азия кубогында күміске қол жеткізді

Әйелдер құрамасы Азия кубогында күміске қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Чанша қаласында 3х3 баскетболдан Азия кубогы аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан әйелдер командасы күміс медаль еншіледі.

Біздің команда ақтық сында Австралияға 21:9 есебімен жол беріп, күмісті қанағат тұтты.

Құрлық кубогының қола жүлдесін Жапония құрамасы иеленген. Жартылай финалда Қазақстан құрамасы жапондардан басым түскен болатын.

Өкінішке қарай, ерлер құрамасы қола медаль үшін өткен кездесуде жеңіліс тапты. Олар жарыс қожайыны саналатын Қытай командасына 11:14 есебімен жол берген.

Түпнұсқасы: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер