Баскетбол

Қазақстандық командалар Азия кубогының ширек финалына шықты

news-banner7
mobile-news-top

Қытайдың Чанша қаласында 3х3 баскетболдан өтіп жатқан Азия кубогында Қазақстан ерлер және әйелдер командасы өз тобында бірінші орын алып, турнирдің ширек финалына өтті.

Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы матчта қырғызстандық қарсыластарын 21:2 есебімен ойсырата жеңді. Екінші ойын Моңғолия командасына қарсы өтіп, біздің қыздар 17:14 есебімен жеңіске жетті.

Бүгін қыздар командасы D тобында екінші орын иеленген Тайландқа қарсы ойнайды.

Ал Қазақстан ерлер құрамасы іріктеу кезеңіндегі үш матчты өз пайдасына жазып, топтық кезеңде Қытайлық Тайпейді 21:19, Индонезияны 21:20 есебімен ұтты.

Енді Қазақстан ерлер құрамасы Катармен өзара мықтыны анықтайды.

Түпнұсқасы: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер