русский язык
Бокс

Елеусінов жетінші жеңісіне қол жеткізді

Елеусінов жетінші жеңісіне қол жеткізді
news-banner7
mobile-news-top

Оксон Хиилл қаласында (Мэриленд штаты, АҚШ) өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) шаршы алаңға шықты, деп жазады Prosports.kz.

Данияр MGM National Harbor ойын-сауық кешенінде 27 жастағы Чили спортшысы Луис Норамбуэнмен (3-1-1) жұдырықтасты.

Жекпе-жек жоспарланған алты раундқа дейін жалғасып, төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;