Әлем футболы

«Реал» Азарды 88 млн-ға бағалады. «Челси» 130 млн фунт сұрап отыр

news-banner7
mobile-news-top

Мадридтік «Реал» бельгиялық шабуылшы Эдан Азардың трансфері туралы лондондық «Челси» клубымен келісімге келе алмай жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Англиялық клуб Эден үшін «Реал» басшылығынан 130 млн фунт стерлинг сұрап отыр.

Бұрын хабарлағымыздай, мадридтік клуб Азардың трансфері үшін «Челсиға» 88 миллион фунт стерлинг ұсынды.

Бұл туралы The Telegraph мәлімдеді.

Азар ағылшындық клубқа «Лилля» клубынан 2012 жылдың жазында ауысқан еді. Ол кезде бельгиялықтың трансферіне 35 миллион еуро жұмсалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер