Әлем футболы

«Бавария» бас бапкерін қызметінен кетірмейді

«Бавария» бас бапкерін қызметінен кетірмейді
news-banner7
mobile-news-top

«Баварияның» басқарма төрағасы Карл-Хайнц Руммениггенің айтуынша, мюнхендік клуб бас бапкер Нико Ковачті қызметінен босатпайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Bild-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін «Бавария» Германия кубогының финалында «Лейпцигтен» ұтылып қалса, хорватиялық бапкер отставкаға жіберіледі деген ақпарат шыққан еді.

«Бапкердің болашағын бір ойынға байланысты қылу ақымақтық болар еді», - деді Румменигге.

Естеріңізге салсақ, Ковач «Бавария» тізгінін 2018 жылы жазда ұстаған. Оның жаттықтыруымен команда Бундеслига чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер