ҚПЛ-да ойнайтын екі футболшы Армения құрамасына шақырту алды

news-banner7
mobile-news-top

«Жетісудың» қорғаушысы Камо Ованнисян мен «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян Армения құрамасы сапында ЕУРО-2020 іріктеу кезеңі аясындағы матчтарға қатысуға шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Құрамаға шақыртылғандар ішінде шетелдік чемпионаттарда ойнайтын 11 футболшы бар: Арсен Бегларян «Днепр (Беларусь), Вараздат Ароян «Урал» (Ресей), Камо Ованнисян «Жетісу» (Қазақстан), Ованнес Амбарцумян «Эносис Паралимни» (Кипр), Генрих Мхитарян «Арсенал» (Англия), Геворг Казарян (клубсыз), Саргис Адамян «Хоффенхайм» (Германия), Тигран Барсеян «Кайсар» Қазақстан), Эдгар Бабаян «Хобро» (Дания), Александр Карапетян «Прогресс Никеркорн» (Люксембург), Норберто Бриаско Балекян «Атлетико Уракан» (Аргентина).

8 маусымда Армения құрамасы Лихтенштейнмен, 11 маусымда Грекиямен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер