Бокс

Головкин мексикалық арнаның рейтингісінде үздік бестіктен тыс қалды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин Azteca телеарнасының P4P рейтингісінде үздік бестікке іліне алмады.

Беделді арналардың бірі Azteca салмақ санатынан тыс әлемнің ең үздік боксшыларының жаңартылған рейтингісін жариялады. Бұл тізімде отандасымыз Геннадий Головкин алтыншы орынға жайғасты. Көш басын украиналық Василий Ломаченко бастаса, екінші және үшінші орынға АҚШ өкілі Теренс Кроуфорд пен мексикалық Сауль Альварес орналасқан.

Azteca арнасының P4P рейтингісі:

1. Василий Ломаченко (Украина)
2. Теренс Кроуфорд (АҚШ)
3. Сауль «Канело» Альварес (Мексика)
4. Александр Усик (Украина)
5. Эррол Спенс (АҚШ)
6. Геннадий Головкин (Қазақстан)
7. Донни Ньетес (Филиппин)
8. Майки Гарсия (АҚШ)
9. Мэнни Пакьяо (Филиппин)
10. Мигель Берчельт (Мексика)
11. Хуан Франсиско Эстрада (Мексика)
12. Наоя Иноуэ (Жапония).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер