Басқа

Қарағандылық спортшы қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы атанды

news-banner7
mobile-news-top

Қоян-қолтық ұрыс бойынша Азия чемпионатында қарағандылық спортшы Жандос Мадехиянов 55 келі салмақ дәрежесінде үздік атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Біріншілік 16-17 мамырда Ресейдің Уфа қаласында өтті. Турнирге Азия құрлығының үздік деген қоян-қолтық ұрыс шеберлері қатысты.

55 келі салмақ дәрежесінде Қарағанды облысының атынан ушу федерациясының мүшесі, ушу саньда спорт шебері, ушу бойынша Қазақстанның үш дүркін чемпионы саньда Жандос Мадехиянов қатысты. Ол қарсыластарын сенімді түрде жеңіп шығып, алтын медаль иегері атанды.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер