Басқа

Ана Иванович пен Бастиан Швайнштайгер екінші сәбиін күтіп жүр

Ана Иванович пен Бастиан Швайнштайгер екінші сәбиін күтіп жүр
news-banner7
mobile-news-top

Әлемнің экс-бірінші ракеткасы, сербиялық теннисші Ана Иванович пен футболдан әлем чемпионы, Германия құрамасының ойыншысы Бастиан Швайнштайгер екінші сәбиін күтіп жүр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Спортшы жұптардың 2018 жылдың наурыз айында Лука есімді ұлы дүниеге келген болатын. Қазіргі таңда 31 жастағы теннисші мен 34 жастағы футболшы екінші сәбиін күтіп жүр.

«Жүректерміз қуанышқа толы. Отбасымызға тағы бір кішкентай жанның келуін күтіп жүрміз», - деді Иванович өзінің Twitter-парақшасында.

Иванович пен Швайнштайгер 2016 жылы Венецияда үйленген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер