Теннис

Воскобоева жұптық сында Страсбург турнирінің 1/2 финалына шықты

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық Галина Воскобоева украиналық Даяна Ястремскаямен бірге Страсбург турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қазақстандық-украиналық жұп жапониялық Мию Като мен аустралиялық Сторм Сандерспен сынға түсті.

1 сағатқа созылған кездесуде Воскобоева мен Ястремская 6:3, 5:4, 6:4 есебімен қарсыластарын жеңді. Бәсеке бір сағаттан астам уақытқа созылды.

Қазақстандық-украиналық жұп финалға шығу үшін қытайлықтар Йин-Йин Дуань мен Син-Юнь Ханьмен таласады.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер