Головкиннің Роллсқа қарсы дайындығы. ВИДЕО
![Головкиннің Роллсқа қарсы дайындығы. ВИДЕО](https://prosports.kz/upload/news/content/201017_3a1ed1dcffcaf0b60de061cc7e87d087.jpg?v=28651772)
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин DAZN-дағы дебюттік жекпе-жегіне тыңғылықты дайындалып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бұрынғы әлем чемпионы өзінің Instagram-парақшасында жаттығу барысынан видеоны жүктеді.
Айта кетейік, 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінде Головкин DAZN платформасы аясындағы алғашқы жекпе-жегін өткізгелі отыр. Қарсыласы канадалық боксшы Стив Роллс (19-0, 10КО).