ММА

Нурмагомедов Жорж Сен-Пьермен кездесуі мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов жыл соңына дейін Жорж Сен-Пьермен кездесуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы ESPN инсайдері Бретт Окамото өзінің әлеуметтік желісінде хабарлады.

Нурмагомедовтің менеджері Абдель-Азиз бәрі жоспардағыдай болса, Хабиб Сен-Пьермен жыл соңына кездесетінін айтқан.

UFC бұрынғы чемпионы, канадалық спортшы Жорж Сен-Пьер өз мансабын аяқтаған болатын. Сен-Пьер 26 жекпе-жекте жеңіске жетіп, екі рет жеңілген. Спортш Би Джей Пенн, Мэтт Хьюз, Джош Кошчек, Тиаго Алвес, Ник Диас, Джонни Хендрикс және Майкл Биспинг секілді жекпе-жек шеберлерін жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер