Әлем футболы

«Арсенал» мен «Челси» финалдық матчтың билеттерін қайтарып жатыр

«Арсенал» мен «Челси» финалдық матчтың билеттерін қайтарып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Лондондық «Арсенал» мен «Челсидің» жанкүйерлері Еуропа Лигасының финалдық матчының 6 мың билетін қайтарып бермек.

Times басылымының мәліметінше, қазірге дейін «Арсенал» 3 500, ал «Челси» 2 000 билет қана сатқан. Оған қоса, УЕФА демеушілеріне бөлінген 2 000 билеттің басым бөлігі қайтарылады. Бұған себеп әуе рейстерінің қымбаттығы, матчтың кеш басталуы және жергілікті қонақ үйлердің бағасы.

Айта кетейік, «Арсенал» мен «Челси» арасындағы финалдық матч 29 мамыр күні Баку қаласында өтеді.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер