Әлем футболы

«Ювентусты» Гвардиола жаттықтыруы ықтимал

news-banner7
mobile-news-top

Туриндік «Ювентустың» жаңа бас бапкері Хосеп Гвардиола болады. Бұл туралы Radio Sportiva журналисі Федерико Дженнарелли мәлім етті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Оның ақпараты бойынша, қазір «Манчестер Ситиді» жаттықтырып жүрген Гвардиола мен туриндік клуб өзара келісімге келген. Екі тарап төрт жылға еңбек келісіміне отырады.

Айта кетейік, «Ювентус» бұған дейін командадан Массимилиано Аллегридің кететінін хабарлаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер