Әлем футболы

«Реал» жазда трансферге 600 млн еуро жұмсамақ

news-banner7
mobile-news-top

Алдағы жазғы трансфер уақытында «Реал» 600 миллион еуро жұмсауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Le Parisien ақпараты бойынша, «Корольдік клубтың» президенті Флорентино Перес команданың бас бапкері Зинедин Зиданға жазда трансфер жасауы үшін 600 млн еуро бермек. Француз маманының ұсынысы бойынша мадридтік команда ПСЖ-дан Килиан Мбаппені сатып алуға тырысады.

Айта кетейік, бұған дейін «Реал» жазда екі трансфер жасап қойған болатын – «Порту» қорғаушысы Эдер Милитао мен «Сантос» вингері Родригоны сатып алған.

Естеріңізге салсақ, мадридтік команда өткен маусымды сәтсіз өткізген еді. Клуб Ла Лигада үшінші орын алса, Чемпиондар лигасында 1/8 финалдан ұшып кеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер