Қазақстандық екі футболшы ойнайтын минскілік клуб ірі есеппен ұтылды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық футболшылар Владислав Васильев пен Жахонгир Ходжамов өнер көрсететін минскілік «Энергетик-БГУ» Беларусь Жоғары лигасының тоғызыншы турында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Васильев пен Ходжамовтың командасы «Витебскпен» кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Васильев матчты негізгі құрамда бастап, 90 минутты толық өткізді. Ал Ходжамов матчқа қатыспады.

9-турдан соң «Энергетик-БГУ» алты ұпаймен 14-ші орында келе жатыр. «Витебск» болса, 13 ұпай еншілеп, жетінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, Владислав Васильев биыл ақпанда Қазақстанның кеңейтілген құрамына енген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер