«Локомотив» - Ресей кубогының иегері
Қазақстанның және әлемнің спорт жаңалықтарына жазылыңызМәскеулік «Локомотив» Ресей кубогының финалында екатеринборлық «Уралды» ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Матч тағдырын бір ғана гол шешті. 27-минутта Дмитрий Баринов мәскеулік клуб сапында көзге түсті – 1:0.
Осылайша, «Локомотив» өз тарихында сегізінші рет Ресей кубогын иеленіп отыр. Бұған дейін «теміржолшылар» екі мәрте КСРО кубогын алған болатын.
Ресей кубогы. Финал
«Локомотив» (Мәскеу) – «Урал» (Екатеринбург) 1:0 (1:0)
Гол: Баринов 27