Теннис

Зарина Дияс сыйақысын Аружан Саинның қорына аударды

news-banner7
mobile-news-top

Тенниші Зарина Дияс Heart Award сыйақысын алды. Сыйақыны «Аутизм победим» жобасына аударды. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.

Жақында қазақстандық танымал спортшы қызымыз Зарина Дияс халықаралық теннис федерациясының қолдауымен Heart Award сыйақысын алды. Отандасымыз Азия/Океания аймағында бірінші топта жеңіске жетті.

Сыйақы 2009 жылдан бері беріліп келеді. Сыйақыны өз командасы үшін тер төккен, адалдық танытқан теннисшілер иеленеді.

Зарина 2009 жылдан бері федерация кубогінде ойнады. Оның белсенділігімен 18 жеңіс, 4 жеңіліс бар.

Зарина ақшалай сыйақыны «Аутизм победим» жобасына аударды. «Аутизм победим» білім беру жобасы орталығының балалары атынан қазақстандық спортшы, періштеміз Зарина Диясқа алғысымызды білдіреміз. Соның көмегімен біз жобаға қажетті ноутбуктар сатып алдық. Аутизммен ауырған балаларды қолдағаны үшін Заринаға алғысымызды айтамыз. Отандасымызға көп жеңіс тілейміз», - дейді Аружан Саин желідегі парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер