Бокс

Леффлер Головкиннің құпия қаруын атады

Леффлер Головкиннің құпия қаруын атады
news-banner7
mobile-news-top

GGG Promotions компаниясының басқарушы директоры Том Леффлер Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) өсуіне оның сыңары Максимнің ықпалы жайлы айтып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

«Макс GGG-дің құпия қаруы деуге болады. Бәлкім ол Геннадийді өзінен де жақсырақ білетін шығар. Ол егізінің бүкіл спаррингтерін қадағалап отырады. Оларды Оскар мен Джоэль де ла Хойяларға ұқсатуға болады», - дейді Леффлер.

Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусым күні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер