Михал Билек «Тобыл» - «Қайсар» матчын тамашалады

Михал Билек «Тобыл» - «Қайсар» матчын тамашалады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михаил Билек пен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының басшысы Олжас Абраев Қостанайда өткен Қазақстан кубогының матчын тамашалады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Қостанайда жергілікті «Тобыл» мен қызылордалық «Қайсар» кездескен. Матч алаң иелерінің пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында 8 маусымда Брюссельде Бельгия командасымен кездеседі. Ал 11 маусымда «Астана-Аренада» Қазақстан мен Сан-Марино матчы өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер