Бәрін қарымта матч шешеді

Бәрін қарымта матч шешеді
news-banner7
mobile-news-top

Шымкент пен Қостанайда футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалындағы алғашқы матчтар өтті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Екі матчтың да қорытындысы бойынша финалға бір қадам жақындаған ешкім жоқ. Бір матчта тең есеп тіркелсе, екіншісінде алаң иелері бір гол ғана айырмашылығымен жеңіске жетті.

Шымкентте «Ордабасы» чемпионатта сүреңсіз ойнап жүрген «Атырауды» жеңе алмады. Бірінші таймда Абдуллай Диакате есеп ашып, алаң иелерін алға шығарған. Бірақ 68-минутта Эдуард Сергиенко көзге түсіп, таразы басын теңестіріп тастады. Матч соңына қарай Пабло Фонтанелло тепкен доп «Атырау» қақпасының бағанасына тиді. Қорытынды есеп – 1:1.

Қазақстан кубогының 1/2 финалы, бірінші матч

«Ордабасы»«Атырау» 1:1 (1:0)

Голдар: Диакате 17 – Сергиенко 68

22 мамыр, Шымкент, Қажымұқан атындағы стадион

Ал «Тобыл» мен «Қайсар» кездесуінде жанкүйерлер бір ғана гол көре алды. Қостанайлықтардың қуанышына орай, бұл голды алаң иелері соқты. Екінші таймның ортасында Максим Федин қанжығасын майлап, «Тобылға» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп – 1:0, «Тобыл» минималды есеппен жеңді.

Енді жартылай финалдың қарымта матчы 19 маусымда өтеді.

Қазақстан кубогының 1/2 финалы, бірінші матч

«Тобыл»«Қайсар» 1:0 (0:0)

Гол: Федин 73

22 мамыр, Қостанай, «Тобыл Арена»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер